Екібастұзда жаяу жүргінші жолында қыз баланы көлік қағып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – 45 жастағы ер адам жүргізген «Лада Гранта» көлігі жаяу жүргіншілерге арналған жолда кәмелет жасқа толмаған қыз баланы қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үшінші маусым күні сағат 21:00-де Екібастұз қаласыда Беркімбаев көшесіндегі 130-ші үйдің қарсы бетінде «Лада Гранта» көлігін жүргізген 45 жастағы ер адам жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан кәмелет жасқа толмаған қыз баланы қағып кетті», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Жол-көлік апаты салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Көлік арнайы айыппұл тұрағына кіргізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар