Екібастұзда жарылған су құбырын жөндеу жұмысы аяқталды

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұзда зақымданған техникалық су құбырын жөндеу жұмысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

31 желтоқсан түнгі сағат 00.51-дегі ақпарат бойынша, Екібастұз жылу электр орталығына арналған диаметрі 500 мм-лік техникалық су құбырын қалпына келтіру жұмысы соңына жеткен.

«Қазіргі уақытта жүйе іске қосылып жатыр. Коммуналдық қызмет мамандары желіні қажетті сумен толтырып болғанша оқиға орнында жұмысын жалғастырады. Бүкіл процестер мамандардың бақылауында» деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бүгін Екібастұз қаласында «Қалалық су арнасы» кәсіпорнындағы жөндеу жұмыстары кезінде ЖЭО-ға арналған диаметрі 500 мм болатын техникалық құбыр жарылды.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл ақаудың қаланы ауыз сумен қамту жүйесіне еш қатысы жоқ.

Кеше кешкісін Павлодар облысы әкімдігі Екібастұзда жарылған су құбыры түнде толық қалпына келетінін мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар