Екібастұзда үйдің терезесінен құлаған екінші оқушы көз жұмды

None
None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұзда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен екінші оқушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

№ 9 орта мектептің 15 жастағы оқушысы қайғылы оқиғадан кейін бес күн өткен соң ауруханада көз жұмды.

Оқиға 13 қыркүйек күні Бауыржан Момышұлы көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде болған еді. Жасы 15-тегі қыздар үйдің кіреберісіндегі терезеден құлап кеткен. Олардың бірі ауруханаға барар жолда қайтыс болса, екіншісі ауыр халде қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Аман қалған қызға «ашық бас-ми жарақаты, бет және қаңқа сүйектерінің, омыртқасының сынуы» диагнозы қойылған.  

«Дәрігерлер оның өмірі үшін бес күн арпалысты. Жасөспірімді құтқару үшін қарқынды терапия жүргізілді. Өкінішке орай, қыз бала есін жимастан дүйсенбі күні сағат кешкі онда көз жұмды», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Элмира Темірғалиева.

Бүгін сондай-ақ балалардың биіктен құлауына қатысты тағы бір оқиға орын алды. 1 Май көшесі, 11-үйде ата-анасымен бірге қонақта болған 1,5 жасар бала бесінші қабаттағы терезеден құлап кеткен.

Элмира Темірғалиева мәлім еткендей, сәби ашық бас-ми жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

 

 

Соңғы жаңалықтар