Екібастұзда үй ауласынан целлофанға оралған адам табылды

Фото: None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұзда целлофанға оралып жатқан ер адам қала тұрғынын шошытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Polisia.kz мәліметінше, Екібастұз қаласында тұратын әйел әдеттегідей таңертеңгі сағат 7-де итін серуендету үшін далаға шыққан. Ол М.Әуезов көшесіндегі үйдің ауласында орындықта целлофанға оралып жатқан адамды байқаған. Сырт көзге тіршілік белгісі байқалмаған соң, бірден полицияға хабарласқан.

«Өзімен бірге телефоны болмағандықтан, ол жақын жерде орналасқан автотұрақ қызметкерлерінен полицияға хабарлауды сұрады. Оқиға орнына жеткен полицейлер целлофанды ашып жатқан кезде «мәйіт» орнынан тұра қашқан.

Белгілі болғандай, өткен түні алкогольді көп ішіп қойған ер адам үйіне жете алмай, жерден целлофан тауып алып, жаңбырдан қорғану үшін соған оранып ұйықтап қалған», - деді полициядан.


Соңғы жаңалықтар