Екібастұзда тұңғыш «Түлектер аллеясына» 128 шырша отырғызылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласындағы «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында соңғы қоңырауға қатысқан мектеп бітірушілер «Түлектер аллеясы - 2018» аумағына өз ағаштарын отырғызды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Саябақтағы соңғы қоңырау шарасына әр мектептен алты түлек қатысты.

- Мектепте «Түлектер аллеясының» ашылуында ағаш отырғызу туралы ұсыныс білдірді. Мен бірден келісім бердім. Қала әкімімен бірге ағаш отырғызу - үлкен абырой. Бұл аллеяның біздерге арналғаны өте қатты қуантады, - дейді болашақ инженер Айда Талғат.

Өз кезегінде қала әкімі Қайрат Нүкенов түлектерді соңғы қоңырау күнімен құттықтады.

- Бүгін алғаш рет «Шахтер» саябағында биылғы түлектердің арқасында жаңа жақсы дәстүр бастау алды, - дейді шаһар басшысы. - Аллея сіздердің белсенді азаматтық ұстанымдарыңыздың жарқын көрінісі.

Ағаш отырғызғанда армандарыңды айтыңдар, олардың орындалуына тілектеспін. Айта кетейік, аллея Астананың 20 жылдығы, Павлодар облысының 80 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ашылды.

Жаңа демалыс орнына 128 шырша отырғызылды. Жуық арада саябақта тағы да 600 ағаш пайда болады. Биылғы жылы Екібастұз қаласында 623 түлек мектеп бітірді.

Соңғы жаңалықтар