Екібастұзда төтенше жағдай жарияланғаннан бері пәтер ұрлығы тіркелген жоқ - полиция

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев жылусыз қалған үйлерді күзетуге облыс орталығынан 30 сақшы келгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада төтенше жағдай жарияланған 5 тәуліктің ішінде азаматтар үйінде жылу немесе ыстық судың болмауына байланысты басқа жаққа кеткен кезден бастап бір де бір пәтер ұрлығы болған жоқ. Ол жайында біздің күнделікті алатын жедел мәліметімізде бар. Пәтер ұрлығын болдырмас үшін Павлодар облысының полиция департаментінен 30 қызметкер келді», - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Айтуынша, көмекке келген сақшылар мен жергілікті полиция өкілдері жылусыз қалған әр үйді күзетуге тартылған.

«Қазір №5, №6 шағынаудандарда жылу болмағнадықтан жеке құрамның қызметкерлері күшейтілген режиммен тәулік бойынша екі кезекпен жұмыс істеп жатыр. Полиция өкілдері жылу жоқ үйлердің әрқайсысының жанында күзетіп тұр. Оны халық та көріп, әлеуметтік желіге салып жатыр», - деді қалалық полиция басқармасының бастығы.

Қалада әлі де 17 тұрғын үйдің жылусыз отырғанын бұған дейін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар