Екібастұзда су басқан үйден екі адамның денесі табылды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Екібастұзда су басқан үйден ер және әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, 13 ақпан күні Екібастұз қаласының тұрғынынан Б.Жырау көшесі мекенжайы бойынша жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты тұрғын үй-жайды су басқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыртуды пысықтау барысында жер үйден 1959 жылы туған ер адамның және 1965 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

«Тексеру кезінде қонақ бөлмесінде еденде электр жылытқышы тұрғаны және оның сымдары ашық жатқаны анықталды. Бұл факті Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелді»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар