Екібастұзда пробация бақылауынан жасырынып, қашып жүрген сотталушы табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат. - Ер адам сотталып, пробациялық бақылауда болған. Ол үйсіздерге арналған орталыққа орналастырылған, алайда тәртіп бұзғаны үшін шығарылған. Сөйтіп ол бақылаудан жасырынып қалған. Оны металл қабылдау пунктінен тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталған адам Екібастұзда іздестіруден кейін табылды», - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Онда криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Екібастұз қаласының пробация қызметінің инспекторларымен бірге металл қабылдау пунктілерінің бірінде 36 жастағы сотталушыны ұстағанын айтты.

Пробациялық бақылаудағы адамның денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін бес жарым жылға бас бостандығы шектелген.

«Есепке қою кезінде сотталушының тұрғылықты жерінің жоқтығы анықталды және пробация қызметінің өтініші бойынша ол қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға арналған уақытша бейімдеу орталығына жіберілді. Мұнда сотталушы бір жылдай тұрған. Ішкі тәртіпті бұзғаны үшін осы орталықтан шығарылып, пробациялық бақылаудан жасырынған. Сол себепті іздеу жарияланды», - деп түсіндірді Екібастұз пробация қызметінің бастығы Дархан Медетов.

Сотталушының айтуынша, ол тұрғылықты мекені болмаған соң Екібастұз қаласының әр жерінде күнелтіп, ішімдікке салынған.

Ер адам Екібастұз полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Сотталушыға қатысты материал пробациялық бақылаудан жасырынып, жалтарғаны үшін бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені қарастыру үшін қалалық сотқа жіберіледі», деп хабарлады облыстың қ ылмыстық-атқару жүйесі департаменті.


Соңғы жаңалықтар