Екібастұзда пара алды деген күдікпен әкім орынбасары мен тағы екі шенеунік ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Екібастұз әкімінің орынбасары мен ТКШ бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Б.Қ.Ахметовке және Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Олар мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігерлік ұйымдардан жүйелі түрде пара алып отырған деген күдікке ілінді», - деп хабарлады ҚазАқпаратқа өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Олар тергеу жалғасып жатқанын және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар