+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Екібастұзда өртенген пәтерден ес-түссіз жатқан ер адам табылды

2021 жылғы 20 қыркүйек 09:21
Бөлісіңіз:
Екібастұзда өртенген пәтерден ес-түссіз жатқан ер адам табылды

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұзда өрт болған пәтерден ес-түссіз жатқан ер адам табылды. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолалық өрт сөндіруші Көкшетауда газ жарылған пәтерге бірінші болып көмекке келген Өрттен шыққан қою түтін алматылықтардың зәресін алды Оралда 6 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қыркүйекте 05 сағат 11 минутта №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктінің пультіне Екібастұз қаласы Бауыржан Момышұлы көшесі, 54 мекенжайында орналасқан пәтердің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
- Шақыру орнына № 4 МӨСБ-2 кезекші ауысым жіберілді. Барлау барысында жанып жатқан пәтерді қалың қара түтін басқаны анықталды. Азаматтық қорғау капитаны Бексұлтан Талғатов бастаған газ-түтіннің қорғау қызметінің буыны, пәтердің жатын бөлмесінен ес-түссіз күйде жатқан 1957 жылы туған ер адамды тапты. Бексұлтан Талғат мен Әділет Сәлімов оны дереу таза ауаға шығарып, «103» қызметіне тапсырды, - дейді 2-МӨСБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Сағадат Вахитов.

№ 4 кезекші ауысымның ГТҚҚ буынының үйлесімді іс-қимылы мен нақты қойылған міндеттің арқасында өрттен зардап шеккендер болмады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT