Екібастұзда өндірілген электр энергиясы Өзбекстанға экспортталады - Павлодар әкімі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысында экспортқа бағытталған индустриализацияға басымдық беріледі. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әкімнің айтуынша, былтыр шикізат емес тауарлар экспортының көлемі 2 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл - 2016 жылғы көрсеткіштен 3 есе жоғары.
«Жыл басынан бері 1,2 млрд АҚШ доллары болатын шикізатқа жатпайтын тауар экспортталды. Жыл сайын біздің кәсіпорындардың өнімі әлемнің 40 еліне экспортталады. Әсіресе мыс, саз топырақ, өңделмеген алюминий, ферроқорытпа, аллюминий сымдары, көмір, электр энергиясы, астық және тағы басқалар», – деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Облыс әкімі отандық өнім экспортын арттыру мақсатында жаңа нарықтар игеріліп жатқанын жеткізді.
«Мәселен, биыл Екібастұз ГРЭС-1 Өзбекстанға электр энергиясын экспорттауды бастады. Ал «Вектор Павлодар» ЖШС Ресей аумағына автокөлік дискілерін жеткізуде. Одан бөлек, «Нефтехим LTD» компаниясы Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан нарығына өнім экспорттап жатыр», – деп нақтылады Б. Бақауов.
- Қазақстандық өнімдер әлемнің 120 еліне экспортталады - министр
- Әлемдегі ет өңдеу бойынша ең алпауыт екі компанияның бірі Қазақстанға келе жатыр
- Екібастұз МАЭС-2 Қазақстанның бақылауына өтті
- Қарағанды облысында алдағы үш жылғы бюджет бекітілді
-
Қазақстандағы Өзбекстан азаматтары Өлий Мәжілісі депутаттары сайлауына қатысады
-
«Іле Алатауы» паркіндегі шыршалар күні-түні күзетіледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам