Екібастұзда мұғалімдер алаңға шыққаны үшін жұмыстан қуылған жоқ - басқарма

None
None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпаарат - Павлодар облысында 5-6 қаңтардағы жаппай ереуілге қатысты делінген мұғалімдер қудаланып жатқан жоқ. Бұл жайында облыстық білім басқармасының бастығы Дінислам Болатханұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Екібастұз қаласында митингіге қатысқа мұғалімдер себепсіз жұмыстан қуылды деген ақпарат тараған болатын.

«Екібастұзға барып, мектеп директорларымен, бөлім басшылығымен кездесіп қайттым. Ең басты мақсат - «алаңға шыққаны үшін жұмыстан қуылды» деген екі жас мұғаліммен кездесу болды. 10 мектептің мұғалімі Қанат Сейітовпен көзбе көз кездестім. Мектеп басшылығы тарапынан ешқандай қудалау көрмеген. Жұмыстан шығарылмаған. Білім бөлімі мен мектеп басшылығы тарапынан қысым жасалынбаған. Арыз жазу талабы оған қойылмаған! Екінші, 24 мектептің мұғалімі Олжас Жанабилов бойынша. Иә, мектеп директорының бұйрығына сәйкес жұмыстан босатылған. Бұл жерде тек еңбек қарым қатынасы. Алаңға шығудың еш қатысы жоқ. Бұл мәселеде де, мұғалімнің азаматтық позициясы, ішкі ойы немесе бөлек пікірде болғаны не болмағаны сияқты ешбір себеп жоқ», - деп жазды білім басқармасының бастығы Facebook парақшасында.

Бірақ, жас маманның сағын сындырмай, еңбек етіп, жалақы алып, отбасына ие болып, әрі қарай жоғары білікті мұғалім ретінде қалыптасуына, өсуіне жағдай жасайық, қарайласайық деген оймен әріпестер райынан қайтты. Олжас мұғалім ретінде қайта жұмысына кіріседі.

«Қадірлі қауым! Бұл екі әріптестің оқиғасынан ешбір саяси астар не адамды қудалау сипатын іздеудің қажеті жоқ. Өйткені оған негіз жоқ. Барлықтарыңызға рахмет. Амандық болсын» деп түйіндеді сөзін Дінислам Болатханұлы.


Соңғы жаңалықтар