Екібастұзда мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары талқыланды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Екібастұз қаласында «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы және жаңа ұлттық латын әліпбиі негізіндегі мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» тақырыбында көшпелі облыстық семинар өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Шараға облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары, мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдардың тіл мамандары, қазақ тілі оқытушылары, аудармашылары мен іс жүргізушілері қатысты. - Жылдың соңына дейін Екібастұз қаласы, Баянауыл, Май және Павлодар аудандарынан 200 адамды қамту жоспарланып отыр, - дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Дәулет Темірболат.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шара былтыр Ақсу, Тереңкөл, Ертіс, Железин аудандарында өткен болатын. Семинардын мақсаты - тіл мамандары, аудармашылар мен іс жүргізушілердің біліктілігін арттыру, тілді меңгеру үлгілерін қалыптастыру.

Соңғы жаңалықтар