Екібастұзда мас әйел төртінші қабаттың балконынан құлап кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында бір күнде 3 жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 наурыз күні сағат 08:10-да Екібастұз қаласының Кеңшілер көшесіндегі 15-пәтерде 51 жастағы әйел мас күйінде өзінің абайсыздығы салдарынан төртінші қабат балконынан құлап кетті» деп жазады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сол күні сағат 19:00-де Байет ауылының Канал-Тау көшесіндегі үйдің ауласында 52 жастағы ауыл тұрғыны өзінің немқұрайдылығы салдарынан тепе-теңдігін сақтай алмай, үйдің шатырынан құлап кеткен.

«27 наурыз сағат 04: 00-де Ақсу қаласында 25 жастағы жас жігіт жөндеу жұмыстары кезінде баспалдақтан түсіп бара жатып, өзінің абайсыздығынан 2,4 метр биіктіктен құлап кетті», - деді полиция үшінші жағдай туралы.

Апат салдарынан жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар