+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Екібастұзда мас адамның кесірінен алты балкон жанып кетті

2019 жылғы 20 тамыз 02:32
Бөлісіңіз:
Екібастұзда мас адамның кесірінен алты балкон жанып кетті

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұзда мас адамның кесірінен алты балкон жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда тағы бір тұрғын үй өртенді Орал қаласында тұрғын үй өртенді Оралда бос қалған өндірістік ғимарат өртенді

Өрт салдарынан 15 адам эвакуацияланды. Оның төртеуі – бала. Оларды өрт сөндірушілер саты қойып сыртқа шығарды.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт туралы хабарлама 19 тамызда сағат 08:54-те жеткен. Екібастұздағы екі бөлмелі пәтердегі өрт салдарынан көрші орналасқан алты балкон жанып кетті. Жалын 18 шаршы метрді шарпыды. Жанып жатқан пәтерге кіру үшін құтқарушылар темір есікті бұзып ашуға мәжбүр болды.

«Өрттің алдын ала анықталған себебі – темекі шегу кезінде абай болмау. Өрт сөндіруші Жоламан Балғожинов газдан қорғау қызметімен бірге еденде жатқан пәтер иесін тапқан. Мас адам ес-түссіз жатқан. 1954 жылғы зардап шегушінің денесінің 36 пайызын бірінші және екінші дәрежелі күйік шалған», делінген хабарламада.

Пәтер иесі қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалайды. Өрт сөндірушілер жалынды сағат 10:20-да сөндірді. Оғани 16 қызметкер жұмылдырылды. Екібастұз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрттен зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету үшін арнайы комиссия құрылды. Жақын арада олардың әрқайсысы 30 АЕК көлемінде өтемақы алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT