Екібастұзда көлік апатынан екі адам мерт болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұзда көлік апатынан екі адам қаза тауып, жеті адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«24 қыркүйекте 19.30 шамасында 2001 жылы туған жүргізуші «Фольцваген Пассат» маркалы автокөлікпен Екібастұз қаласындағы «Стелла-Город» автожолымен жүріп келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Форд Транзит» шағын автобусымен соқтығысқан», - деп хабарлады Екібастұз қалалық ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Азамат Күркебаев.

Полициядан жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адамның қайтыс болып (2001жылғы жүргізуші және «Фольцваген Пассат» автокөлігінің 2005 жылғы жолаушысы), жеті адамның, оның ішінде кәмелетке толмаған екі адам бар, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілгенін атап өтті (барлығы «Форд Транзит» автокөлігінен).

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.


Соңғы жаңалықтар