Екібастұзда ГРЭС-2 ғимаратының шатыры желден көкке ұшты

None
Фото: пресс-служба ДЧС Павлодарской области
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұзда дауылды жел ГРЭС-2 станциясының әкімшілік-тұрмыстық кешенінің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 8 маусымда болған. Хабарлама «112» пультіне түскен.

«1994 жылы салынған» СЭГРЭС-2 «АҚ әкімшілік-тұрмыстық кешені ғимаратының шатыры зақымдалды. Шатыр жабындысы шамамен 2010 жылы орнатылған. Жұлынған шатырдың ауданы шамамен 100 шаршы метрді құрайды»,- делінген мәліметте.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Келтірілген шығын алдын ала тексеру мен бағалаудан кейін белгілі болады.


Соңғы жаңалықтар