Екібастұзда ер адамды атып кетті

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұзда ер адам оқ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«23 ақпан күні сағат 08:00-08:10-де Екібастұздағы Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу ер адамға атыс қаруынан оқ атты. Ер адам алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөліміне сәйкес сот алдындағы тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасауда күдікті тұлғаны анықтауға бағытталған жедел-іздеу шаралары өткізілуде», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Полиция аталған факті бойынша қандай да бір ақпарат білетін болса хабарласауын сұрайды. Құпиялылық сақталады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
- Шағын несие беру ұйымына шабуылдаған ер адам Атырауда ұсталды
- Қызылордада бесінші қабаттан секіріп кеткен 14 жастағы қыз қайтыс болды
- Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды
- Өскеменде отқа оранған үйден мүгедек әйел құтқарылды
-
Жүсіпбек Аймауытов атындағы театр көрерменмен қайта қауышты
-
Лионда бомбаны залалсыздандыру үшін 4,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам