Екібастұзда ер адам 4-қабаттағы балконнан құлап мерт болды

None
None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұзда төртінші қабаттың балконынан құлап түскен азамат қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 15:40-та Екібастұз қаласында Королев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің төртінші қабатында орналасқан балконнан ер адам құлап түсті. Ол көрші пәтердің балконы арқылы өз үйінің балконына кірмек болған», - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталмыш қайғылы оқиға бойынша сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар