Екібастұзда енді жылытқыш пештер жаппай таратылмайды

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұзда жылытқыш пештер адамдардың көп жиналуына жол бермеу үшін жаппай таратылмайды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченконың айтуынша, қалалық филиалдармен және «Жастар рухы» жастар қанатымен бірлесіп, 800-ге жуық пәтерді аралап шығып, 1470 жылытқыш таратылған. Игі іске Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Тереңкөл, Железин, Май, Баянауыл аудандарының филиалдары да атсалысуда. Сондай-ақ Павлодарская көшесі, 10 мекенжайы бойынша орналасқан басқа штабта «Vita» қоғамдық бірлестігі және кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда.

«Үйлердің кіреберісіне, пәтердің табалдырығына дейін жеткізіп береді. Әрбір мекенжайға жеке алып барып, тұрмыстық жағдайларын қарастырамыз, өйткені жылытқышы бар, әлеуметтік жағдайы жақсы адамдар болуы мүмкін. Сағат 17:00-ден кейін әлеуметтік желілерде жазған, сенім телефоны арқылы жүгінген тұрғындардың үйлеріне жеткізілуде», – деді Илья Теренченко.

Атқарушы хатшының сөзінше, бірінші күні әлеуметтік нысандарға ауруханалар және қоғамдық орындарға – 403, 28 қарашаға қараған түні – 570, 29 қарашаға қараған түні – 250 және қазіргі уақытта шамамен 250 жылытқыш таратылған. Тағы 200 ауданда майлы, электронды жылытқыштар мен жастықтар, көрпелер ұсынылуда. Бүгін сағат 17:00-ден 23:00-ге дейін партия 150 мекенжай қамтылады.
Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде жылытқыш пештерге таласқан көп халықтың видеосы тараған болатын.


Видеодан алынған кадр

Соңғы жаңалықтар