Екібастұзда екі қабатты үйдің шатыры жанып жатыр, адамдар эвакуациялануда

None
Фото: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Павлодар облысының Екібастұз қаласында екі қабатты үйдің шатыры жанып жатыр. Құтқарушылар 30 адам, соның ішінде 7 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 сәуір күні сағат 17:57-де Мәшһүр Жүсіп көшесі, 2 мекенжайындағы екі қабатты тұрғын үйдің шатыры жана бастады (аумағы анықталып жатыр). Өрттің таралуы тоқтатылған жоқ және жойылған жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді. Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен тұрғындар эвакуацияланып жатыр.

Оқиға орнынан ТЖД (жеке құрамның 22 адамы 6 техника) және өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 30 адамды, соның ішінде 7 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Өрт сөндірушілер 6 газ баллонын алып шықты», - делінген Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратында.




Соңғы жаңалықтар