Екібастұзда екі әлеуметтік нысан жылудан уақытша ажыратылады

None
ПАВЛОАДАР. ҚазАқпарат - Екібастұзда екі әлеуметтік нысан уақытша жылумен жабдықтаудан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС ақпараты бойынша, 15 қаңтар күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін ТК-4Л-ден Мәшһүр Жүсіп, 124 көшесіне қарай орамішілік жылу желісін ажыратады.

«Бұл жылу желісінде кран орнатылады. Осыған байланысты 20 көпқабатты және 106 жеке тұрғын үйде жылумен жабдықтау болмайды, сондай-ақ 14 заңды тұлға мен екі әлеуметтік нысанда жылу өшіріледі», - делінген компания хабарламасында.

Компания жылуды қосу уақыты шамамен көрсетілгенін айтады.

Соңғы жаңалықтар