Екібастұзда джип үй ауласында жасөспірімді қағып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жол талғамайтын көлік 15 жастағы жасөспірімді үйдің ауласында қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«15 сәуір күні сағат 15:50-де «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлік жүргізушісі Әуезов көшесіндегі үйдің ауласында велосипед айдап жүрген 15 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған баланы қағып кетті», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол апаты салдарынан денесі көгеріп, терісі сыдырылған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Ол дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілген.

«Аталған факт тіркелді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде, арнайы сараптамалар тағайындалды», - деп қосып өтті облыстық полиция департаментінен.


Соңғы жаңалықтар