Екібастұзда бүгін таңертең жарылған жылу құбыры толық жөнделді

Фото:
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Екібастұздағы №6 шағынауданда жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«№6 шағынауданда орамішілік жылу желісіндегі ақау жойылды. Бауыржан Момышұлы көшесі 46, 44, 48, 50, 52 және Мәшһүр Жүсіп көшесі 59, 61, 65, 57а, 63, 63А, 63Б, 67а тұрғын үйлеріне жылу беру қалпына келтірілді. Бауыржан Момышұлы көшесі 42, 54 мекенжайындағы екі үйде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген Екібастұз әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін сағат 04:30-да Екібастұздағы №6 шағынауданда орамішілік жылу желісінде құбыр жарылған еді. Оған жөндеу бригадалары жіберіліп, екі көшедегі 15 тұрғын үйге ыстық су беру уақытша тоқтылған болатын.

Фото: instagram.com/ekibastuz_akimdigi/


Соңғы жаңалықтар