Екібастұзда биіктігі жеті метр домбыра орнатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық домбыра күніне орай Екібастұз қаласында биіктігі жеті метр домбыра орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Ұлттық аспапты балалар техникалық мектебінің педагогтары мен студенттердің еңбек жасақтары дайындаған. Бұл күні Глинка атындағы музыка мектебінің 60 домбырашыдан құрылған ансамблі бір мезгілде күй орындайды.

«Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында ағаштан және қағаздан домбыра дайындау бойынша шеберлік сабақтары өткізіледі. Кешке қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтетін театрландырылған қойылымдарда домбыраның пайда болуы мен оның даму тарихы туралы айтылады.

Бос уақытты қамту орталықтары мен музыка мектебінің вокалдық ұжымдары домбырада 20-дан астам танымал шығарма ойнайды. 

Соңғы жаңалықтар