Екібастұзда анасын балағаттаған тұрғын жауапкершілікке тартылды

None
None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарт - Жыл басынан бері Екібастұзда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін 171 азамат учаскелік полиция инспекторларымен жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екібастұзда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген 623 тұлғаға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды. Нұсқаманы бұзғаны үшін 43 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Екібастұз қаласында әйел адам өз үйінде мас күйде жанжал шығарып, өз атына балағат сөздер айтқан ұлына қатысты шара қолдану туралы полицияға жүгінді. Жәбірленушіні қорғау мақсатында 30 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымы шығарылды», - деді баспасөз қызметінде.

Қаланың мамандандырылған әкімшілік соты тұрмыстық саладағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін әкімшілік істерді қарастыру кезінде 69 құқық бұзушыға қатысты мінез-құлқына ерекше талаптар қойды.

Соңғы жаңалықтар