Екібастұзда әлі 20 үй сусыз отыр - әкімдік

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Біз 28 үйдің сегізінде су жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтадық. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдымызда тұрған тағы бір мәселе – бұл пәтерлерді суық сумен қамтамасыз ету. 28 үйдің сегізінде біз су жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтадық. Енді басқа үйлер бойынша жұмыстар жалғасуда. Жұмыстар түнімен жүргізіледі», - деді Аян Бейсекин.

Сонымен қатар, 5а шағынауданда орналасқан бір жылу құбыры толық қатып қалған. Шахар басшысының айтуынша, оны қазып, орнына жаңасын салу жұмыстары көп уақытты қажет етеді. Сондықтан жедел штаб шешімімен жаңа құбырды жердің үстімен өткізу шешімі қабылданған.


Соңғы жаңалықтар