Екібастұзда «Ақылды қала» жұрттың игілігіне беріледі

None
None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұздықтар «Smart Екібастұз» (Ақылды Екібастұз) қосымшасын іске қоспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір «Ақылды Екібастұз» қосымшасы сынақтан өткізіліп жатыр. Бірнеше ай бұрын қалада смартфондарға арналған «Ақылды үй» қосымшасы іске қосылған еді. Ол арқылы қала тұрғындары өзінің үйі туралы, мәселен сумен немесе жылумен қамту жүйесінің жөнделуі жайлы ақпарат алу мүмкіндігіне ие. Бұдан тыс, смартфонның көмегімен екібастұздықтар коммуналдық сектордағы апаттар туралы да хабар бере алады.

«Smart Екібастұз» қосымшасы іске қосуға дайындалып жатыр. Мақсатымыз - әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған көпфункциялы мобильдік жүйені жасау. Қосымшада: білім беру, полиция, салық, туризм және спорт, қоғамдық көлік сияқты 13 бөлім болады», - дейді «BF Group Inc» мобильдік қосымшаларды жасау компаниясының директоры Сергей Голышев.

Компания өкілдерінің айтуынша, Екібастұзда да Қазақстанның басқа қалалары қатарында цифрландыру қарқынмен жүріп жатыр. Жуық арада тұрғындар көптеген мәселелерін үйінен шықпай-ақ шеше алатын болады.

Соңғы жаңалықтар