Екібастұзда 7 үй жарықсыз қалған көшенің қосалқы стансасы кешке дейін ауыстырылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Екібастұздағы 7 үй жарықсыз қалған көшенің қосалқы стансасы кешке дейін жаңаланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Круг өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет айтты.

«Электр бойынша айтсақ, Шешенбаев көшесіндегі 7 үйде проблема пайда болған. Біз қосалқы стансаны жөндедік және енді оны ауыстыруға дайындап жатырмыз. Жұмыс күнінің соңына дейін ауыстырсақ, бұл жағдай қалыпқа түсуі керек», - деді Олге Крук.

Қалада әлі де 17 көппәтерлі тұрғын үйдің жылусыз отырғанын бұған дейін де жазған едік.


Соңғы жаңалықтар