Екібастұзда 6 жасар бала терезеден құлап кетті

None
None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұзда екінші қабаттан бүлдіршін құлап кетті. Қазір 6 жасар ұл бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бала аса ауыр халде жатыр, ол екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Жансақтау бөлімінде жатқанына бүгін екінші күн болды», - деді қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Светлана Подзорова.

Еске салайық, Екібастұзда жаз басталғалы осындай бірнеше оқиға болды. Дәрігерлер мен құтқарушылар қала тұрғындарынан терезелерге арнайы блокираторларды орнатуларын сұрайды. Ол терезені толықтай ашуға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты Екібастұздағы балабақшаларда жиналыстар өткізіліп, онда көп қабатты үйлердегі қауіпсіздік шаралары туралы айтылды.

Соңғы жаңалықтар