Екібастұзда 58 тұрғын үй сусыз отыр - әкімдік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Палводар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук өңірлік коммуникациялар қызметінде Екібастұз қаласындағы ахуалды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдік өкілі қазір қалада 17 көпқабатты тұрғын үйдің жылусыз отырғанын еске салып, сумен жабдықтау жүйесінде де түйткілдер бар екенін мәлім етті.

«Су арнасы бойынша ресми деректер мынандай. 58 тұрғын үй қазір сусыз отыр. Бірақ ол үйлерге суды көлікпен жеткізу жұмысы ұйымдастырылған. Қатып қалған су құбырларын жібітіп жатыр», - деді ол.

Қалада әлі де 17 көппәтерлі тұрғын үйдің жылусыз отырғанын бұған дейін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар