Екібастұзда 50 мың теңге пара алған басшы 1 млн теңге айыппұл төлейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Екібастұзда сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы парамен сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бірінші депаратментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.

«Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Екібастұз қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бұрынғы басшысы Ж.С. Ақболинге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол жеке үйге қосымша жер телімін рәсімдегені үшін 50 мың теңге пара алды деп күдікке ілінді», - деді аға тергеуші агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.

2020 жылдың 11 ақпанында Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының үкімімен Ақболинге 1 млн 250 мың теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.


Соңғы жаңалықтар