Екібастұзда 200 мың шаршы метр кредиттік баспана салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары шеңберінде 200 мың шаршы метр кредиттік баспана салу көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев осындай мәлімет айтты.

«Халықтың өмір сүру сапасын арттыру және жағдайын жақсарту мақсатында жалпы сомасы 84,9 млрд теңгеге тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық және жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 37 іс-шара іске асырылатын болады.

Қалада 50 шақырым магистралдық және квартал ішіндегі жылу желілері салынады, сонымен қатар кейбірі қайта жаңартылады», - деген министр баспана мәселесін шешуге де қаражат бөлінетінін атады.

«Кешенді жоспар аясында 200 мың шаршы метр кредиттік және жалға берілетін тұрғын үй салу, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін 370 учаске бөлу көзделген.

Қалада 104,7 км сумен жабдықтау және су бұру желілері, 32,5 км су құбыры желілері және 2 тазарту сорғы станциялары салынады және кейбірі қайта жаңартылатын болады», - деді Әсет Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар