Екібастұзда 144 отбасы пәтер кілтін алды
Өңір басшысының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қоныстанушылар жаңа үйдің алдында Әбілқайыр Сқақовпен бірге шырша отырғызды. Екібастұздықтар бұл ағаштар 8-10 жылдан кейін ауланың сәнін кіргізетіне сенімді.
- «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 144 отбасы пәтер алғандығына қуаныштымын. Биыл Екібастұзда ауданы 56 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл – 1000-нан астам пәтер. Қалада мұндай көлемде тұрғын үй құрылысын болмағалы біраз уақыт өтті. Әр отбасына бақыт пен амандық тілеймін. Сіздерді жаңа қоныстарыңызбен құттықтаймын! - деп атап өтті Павлодар облысының әкімі.
Алғаш болып пәтер алғандар қатарында Гүлмира Асқарова да бар. Көп балалы, әрі жалғыз ілікті ана бұл сәтті сегіз жыл күткенін жеткізді.
- Менің бірінші балам мүгедек, жолдасым жоқ, пәтер кезегінде тұрғаныма сегіз жыл болды. Бүгін менің төбем көкке жетті. Осындай керемет үй салып берген мемлекет пен құрылысшыларға алғысым шексіз, - дейді ол.
Жаңа тоғыз қабатты үй пайдалануға берілген шағын ауданда тағы төрт үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Жоспар бойынша жыл соңына дейін бұл аулада 432 отбасы тұратын болады.