Екібастұз жылу электр орталығы кімнің есебінен жөнделеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз жылу электр орталығын жөндеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселе әлі де күн тәртібінде тұр. Егер жылу электр орталығы акциясының 50% мемлекетке берілсе, онда біз жөндеу жұмысына мемлекетке тиесілі үлес бойынша қаражат құюға құқылымыз. Ал инвестор өз үлесіне қарай қаржы құяды. Басқа нұсқалар да қаралады, соңғы шешім әлі қабылданған жоқ», - деді Роман Скляр Үкімет үйінің кулуарында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, наурыздың соңына дейін техникалық аудит жүреді.

«Аудит жұмысының нәтижесін күтейік. Мүмкін жылу электр орталығының иесі өз есебінен жөндейтін шығар. Алдын ала бірдеңе деуге ерте», - дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Екібастұз ЖЭО-дағы негізгі қазандық келер аптада жөндеуден өтуі мүмкіндігі айтылған еді.


Соңғы жаңалықтар