Екібастұз тұрғыны видеобақылау камераларын ұрлаумен айналысқан

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Екібастұз қаласының полициясы 8 видеобақылау камерасының ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екібастұз қаласы полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері М.Әуезов көшесінің бойындағы үйлердің ауласында қаладағы кәсіпорындардың біріне тиесілі 8 дана сыртқы бақылау видеокамерасын ұрлаған 32 жастағы екібастұздықты ұстады», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті журналистерге.

Видеобақылау камералары заттай дерек ретінде ұрының үйінен тәркіленген.

«Ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді өңірлік полиция департаменті.



Соңғы жаңалықтар