Екібастұз тұрғындарының шығынын мемлекет пен ЖЭО иесі бөліп төлесін – Қасым-Жомарт Тоқаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Екібастұз тұрғындарына жылу желісіндегі апаттың шығындарын кім өтейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екібастұз тұрғындарының шығындарын өтеуге кететін шығындар меншік иесі мен республикалық бюджет арасында бөлінуі керек. Үкіметке кейінгі жылдары иесі ешқандай әрекет жасамаған, жағдайы шетін әрбір нысанның жағдайын кешенді қарап, әрқайсысы бойынша жеке шешім қабылдау керек. Дәл осындай жұмысты жергілікті деңгейде өңір әкімдері атқарсын», - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр.

Фото: Константин Шелков


Соңғы жаңалықтар