Екібастұз тұрғындарына жылу үшін төлем қайта есептеледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Екібастұз тұрғындарына жылумен жабдықтау саласындағы қызметтер үшін қайта есептеу жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Компания жылумен жабдықтау саласындағы қызметтер үшін толығымен қайта есептеу жүргізеді, барлық тұрғындарға өтемақы төленеді», - деді Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Әбілқайыр Сқақов Екібастұзда өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ оның айтуынша, электр энергиясы үшін шығындарды өтеу мәселесі пысықталуда. Шығындарды жабуды «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясына» (ОАЭК) жүктеу жоспарланған.

«Нормативтерге сәйкес, қала тұрғындары әдетте шамамен 32 МВт электр энергиясын тұтынады, жылытқыштар таратылғаннан кейін ол 50-52 МВт-қа дейін өсті. Біз KEGOC-тан деректерді көріп отырмыз, егер тұйықталу немесе басқа да проблемалар туындаса, бригадаларды жібереміз», - деп толықтырды Ә. Сқақов.

Бұған дейін Екібастұздағы төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған мамандар марапатталатыны хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар