Екібастұз тұрғындары стадионда жаппай жаттығу жасады

None
None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат -Қазақстан Президентінің спортпен тұрақты айналысу туралы бастамасына Екібастұз тұрғындары қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Елбасының дене шынықтырып, спортпен айналысу бастамасын қолдауға жиналдық, таңертеңгі жаттығудан бастап, соңы жүгіруге ұласты», - деді қала әкімінің орынбасары Наталья Нефёдова.

Аталған шара дәстүрге айналып, әр сенбі сайын «Шахтёр» паркінде өтетін болады деді Наталья Нефёдова.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қолдау көрсеткен «Challenge Другой ты!» спорттық шарасы аясында Қазақстанның 4 қаласымен  спорттық телекөпір өткізілді.

Соңғы жаңалықтар