Екібастұз тұрғындары екі ай жылуға ақша төлемейді

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Апат салдарынан жылусыз қалған пәтер иелері қараша-желтоқсан айлары үшін жылуға ақша төлемейді. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Орал мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір көшілікті жылу ақысына қатысты мәселе алаңдатаны белгілі. Біз осы жерде мынаны айтқымыз келеді: төтенше жағадай кезінде жылусыз қалған үй иелері қараша және желтоқсан айлары үшін жылуға ақша төлемейді. Ал жылу жүйесінен толық ажыратылмаған, бірақ жылу дұрыс берілмей, пәтерлері суық болғандардың жылу үшін төлемдері қайта қаралады», - деді Бағдат Орал.

Айта кетейік, соңғы дерекке сай, қаладағы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 52 мекенжайындағы үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мұндағы 20 кіреберістің он төртіне жылу берілген.

Екібастұз әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша, қалған 6 подъездегі жұмыс таңғы 08:00-ге дейін аяқталады.

Сонымен қоса, қазіргі таңда әлі де 20 үй салқын сусыз отыр.

Соңғы жаңалықтар