Екібастұз-Павлодар күре жолында жол апатынан үш адам қаза тапты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 7 қараша күні түнгі сағат 2:30-да «Фольксваген Гольф» көлігі қалың тұманда «Қарағанды-Павлодар» бағытымен жол жүріп келе жатқан автобуспен соқтығысты.

Автобусты 58 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Фольксвагеннің» 43 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушылары - 2000 жылғы туылған бала және 20 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмды. Олардың барлығы Солнечный кентінің тұрғындары.

Автобус ішінде болған 15 жолаушының ешқайсысы зардап шекпеген.

ҚР ҚК-нің 296 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция бірқатар қажетті сараптамаларды тағайындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар