Екібастұз маңында жол апатынан үш адам қаза тапты

Фото: None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Тағы екі адам түрлі дене жарақатымен аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz ресурсына сілтеме жасап.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол көлік оқиғасы Екібастұз қаласынан 30 шақырым жерде Қалқаман кентінің маңында болған.

- 103 желісіне бүгін сағат 16:15-те шақырту келіп түсті. Бірден Қалқамандағы жедел жәрдем мен апаттар медицинасы орталығынан екі бригада көмекке шықты. Бригада жеделдіктің 1 санаты бойынша оқиға орнына 19 минутта жетті. Зардап шеккен 5 адам, - делінген хабарламада.

1989 жылы туған алматылық азамат ЖБМТ, кеуде қуысының көгеруі мен сол жақ құлақтың жыртылуы диагонозымен және 1978 жылы туған ер адам оң жақ үшінші қабырғасының жабық сынуы диагнозымен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.

Ал 12 жасар бала мен 1976 жылғы ер адам оқиға орнында қаза тапты.

Жол апатынан опат болған тағы бір адамның жеке басы анықталып жатыр.

Ол - 50-55 жас шамасындағы азиат әйел адам.



Соңғы жаңалықтар