Екібастұз қаласында инспектор әскери билет сатпақ болған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Екібастұз қаласында Қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлім инспекторы пара алды деген күдік бойынша ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«1 наурыздан бері Қазақстан Қарулы күштерінің құрамына сарбаз қабылдау басталғаны белгілі. Әскер қатарында борышын өтеуге ниеттілер саны жыл сайын артып келеді. Дей тұрғанмен, әскери билетті борышын өтемей-ақ, ақшаға сатып алғысы келетіндер де бар. Павлодар облысының Екібастұз қаласында Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім инеспекторының үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол 800 мың теңге үшін борышын өтемеген адамға әскери билет алып бермек болған деген күдікке ілінді. Күдікті өз кінәсін толық мойындағаны үшін ұстау шаралары жүргізілген жоқ», - делінген ресми ақпаратта.

Агенттіктің хабарлауынша, аталған іс бойынша тексеру жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар