+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Екібастұз қаласын дамыту бағдарламасы: Жаңа электр стансасы салынады

2021 жылғы 21 қыркүйек 11:46
Бөлісіңіз:
Екібастұз қаласын дамыту бағдарламасы: Жаңа электр стансасы салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екібастұздағы индустриялық аймақты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жаңа электр стансасы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жер қойнауын игеруде жергілікті кәсіпорындарға басымдық берілмек Тоқаев: Атом станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек Майнинг фермасының «КЕGОС» АҚ электр желілерінде жасырылғаны анықталды

Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында мәлім етті.

«Үшінші жоба туралы айтатын болсақ, қуаты 500 киловольт болатын жаңа кіші станция салу қарастырылған. Екібастұз қаласының индустриялық аймағын электрмен жабдықтау екі жаңа электр беру желісін салу жолымен жүзеге асырылатын болады. Жобаны іске асырушы – «KEGOC» акционерлік қоғамы. Бұл жоба индустриялық аймақ тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында іске асырылуда. Жобаның болжамды құны шамамен 16 млрд теңгені құрайды», - дейді министр.

Оның сөзіне қарағанда, жоба 2025 жылы аяқталуға тиіс.

«Бүгінгі таңда «KEGOC» мекемесінің тапсырысымен техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы негіздемені 2022 жылдың екінші тоқсанында аяқтау жоспарланған», - деді Энергетика министрі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT