Екібастұз ХҚКО басшысы жауапқа тартылып, екі қызметкері жұмыстан қуылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыстық мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті енгізген «Цифрлық агент» (Digital agent) мобильдік қосымшасы арқылы соңғы екі айда 96 өтініш қабылданды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында департамент басшысы Әділбек Мұқашев «Цифрлық агент» аясында қабылданған өтініштер бойынша Екібастұз қаласында құқық бұзушылық анықталғанын атап өтті.

«Бұл жерде электрондық цифрлық қолтаңбаны заңсыз беру арқылы мәліметтер ұсынылып, қызметтер көрсетілген. Халыққа қызмет көрсету орталығының бір қызметкері екіншісіне заңсыз ЭЦҚ ашып берген. Ол қолтаңба үшінші тараптың қолына түскеннен соң, олар сол арқылы қолтаңба иесінің атына бөтен азаматтарды тіркеген және басқа да заңсыз әрекеттер жасаған»,- дейді Әділбек Мұқашев.

  Оның айтуынша, ХҚКО-ның екі қызметкері жұмыстарынан босатылып, басшысына қатысты қатаң тәртіптік жаза тағайындалған. Департаменттің «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасына қараша айында Екібастұз қаласының тұрғынынан өтініш келіп түсті. Белгісіз біреулер қала тұрғынының атына өзінің рұқсатынсыз ЭЦҚ рәсімдеп, бір жыл ішінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы бірнеше адамды тіркеп қойған. Екібастұз тұрғыны халыққа қызмет көрсету орталығына келген кезде өз баспанасында белгісіз біреулердің тіркелгенін көрген. 

Соңғы жаңалықтар