Екібастұз әкімдігінде бомба бар деп өтірік айтқан тұрғын ұсталды

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұзда «әкімдік ғимаратына мина қойылды» деп жалған ақпарат берген террорист ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

6 желтоқсан күні сағат 20.30-да Екібастұз полициясына әкімдік ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар түскен.

- Оқиға орнына дереу бүкіл қызметтер жіберілді. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері әкімдік ғимаратында тексеру жүргізді. Оның барысында ғимаратта 3 қызметкер болды, эвакуация жасалды. Ғимараттан ешқандай жарылғыш құрылғы табылмады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижесінде полиция күдіктіні - Екібастұз қаласының тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін мойындады, - дейді қалалық ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Полиция күдіктінің 2019 жылы дәл осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар