Екі жылда жүзден астам қазақстандық ғалымдар PhD философия докторы дәрежесін алды

None
None
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Екі жылда жүзден астам қазақстандық ғалымдар PhD - философия докторы дәрежесін алды.

Мемлекет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға көшіруге барлық жағдай жасады.

2011 жылдан бастап «PhD - философия докторы» академиялық дәрежесіне ғылыми дәреже мәртебесі берілді. Осы екі жылда ЖОО-лар жалпы саны шамамен 450 докторантты дайындап шығарды, бүгінгі таңда олардың 105-іне PhD - философия докторы ғылыми дәрежесі тағайындалды.

PhD - философия докторлары және докторанттар бүгінгі таңда мемлекет тарапынан шығармашылық, зерттеушілік жұмысқа барлық жағдай жасалып, ынталандырылып отырғанын атап айтады. Әйгілі шетелдік ғалымдар өткізетін оқу сабақтары, шетелде еңбек тәжірибесінен өту мүмкіндігі - бұл даусыз PhD докторантурасының ұтымды тұстары.

PhD докторанттарының диссертацияларына қойылатын талаптар, әсіресе, рейтингтік шетелдік журналдарда жариялану тұрғысынан келгенде, барынша жоғары. Бірақ бұл жоспардың да орындалуы қиын емес. Сонымен қатар, жаңа жүйеде бюрократия аз: диссертацияны қорғауға ұсыну үшін аз ғана құжат қажет, және бұл рәсімнің өзі өте айқын және әділ.

Көптеген қазақстандықтар шетелде «философия докторы» дәрежесін, соның ішінде - бюджет қаражаты есебінен де алатындығын атап өткен жөн. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі бойынша, мемлекет есебінен дайындауды тек қана Қазақстанда өткізуге болады. Білім беру жүйесі оған дайын.

Соңғы жаңалықтар