Екі жылда шет елдерден 30 мың бас ірі қара сатып алынды

None
None
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Соңғы екі жылда Қазақстанға 30 мыңнан астам ірі қара импортталды.

Бүгін «Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» атты тақырыпта өткен Парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осылай мәлімдеді.

Министрдің деректеріне сүйенсек, елімізге шетелден 2011 жылы 10 мың, 2012 жылы 12 мың бас ірі қара әкелінген. Сөйтіп, ет бағытындағы мал басын әкелу 2011 жылы 35 пайызға, ал 2012 жылы 38 пайызға артық орындалған. «Ағымдағы жылы 14 мың бас ірі қара мал әкелу де жоспарланған болатын. «ҚазАгро» осы көрсетілген сан бойынша өтінімдерді мақұлдады. Бұл ретте баса айтқым келетіні, осындай малды кәсіпкерлердің өздері әкеледі, яғни ірі қараны таңдау, олардың бағасы мен тасымалдау шарттарының барлығы кәсіпкерлердің өздерімен айқындалады. Бұған Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» холдингінің еш қатысы жоқ. Дегенмен, кейбіреулер бұның тек субсидия арқасында ғана орын алып отырғанын айтып та жүр. Солай бола тұрғанымен, ашығын айтайықшы: бизнес қай кезде мемлекеттік бағдарламалар мен ынталандыру шараларына дәл бүгінгідей белсенді түрде үн қатып еді. Осының өзі объективті тұтыну жақсарғанын, асыл тұқымды мал басының артып отырғанын, түптеп келгенде асыл тұқымды мал өнімдеріне сұраныстың бар екенін білдіреді», - деді А. Мамытбеков.

Соңғы жаңалықтар