Екі жылда отбасындағы жанжалдан 300 адам қайтыс болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде екі жылда отбасында жанжал шығаратындар қолынан 300 адам көз жұмды. Бұл туралы Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, қазір уәкіл кеңсесі тұрмыстағы әрі отбасындағы зорлық-зомбылық пен әйелдердің құқықтарын бұзу мәселелеріне талдау жүргізіп жатыр.

«Бұл мәселе бүкіл әлемде өте өзекті. 736 миллион әйел түрлі зорлық-зомбылыққа ұшырады. Оның 640 миллионнан астамы (87%) - 15 жастан асқан қыздар мен әйелдер. Тек кейінгі екі жарым жылда елімізде отбасындағы агрессорлар 300 адамның өліміне себепкер болды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 913, ал денсаулыққа орташа зиян келтірудің 837 жағдайы тіркелді. 37 мыңнан астам адам түрлі жауапкершілікке тартылды», - делінген уәкіл кеңсесі мәліметінде.

Сарапшылардың айтуынша, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың негізгі себептеріне әлеуметтік-экономикалық факторлар және қоғамдағы гендерлік стереотип мәселесі әсер етіп отыр.

Айта кетсек, Қазақстанда қыз алып қашу әрекетіне жауапкершілік күшейтіледі.


Соңғы жаңалықтар