+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Екі жылда Қазақстан майлы дақылдарды толықтай өңдеу деңгейіне шығады

2019 жылғы 5 қараша 13:36
Бөлісіңіз:
Екі жылда Қазақстан майлы дақылдарды толықтай өңдеу деңгейіне шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров елімізде майлы дақылдарды өндірудің жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да цифрлық сүт кешендері салынады СҚО әкімі: Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, мол астық жиналды Арыста фермерлер одағының жиыны өтті

«Дәстүрлі астық егістерін өсірумен қатар, Қазақстан майлы дақылдарды өндіруді арттырып келеді. Өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға бағытталған мемлекет саясаты майлы дақылдар егіс алқаптарын арттыруға елеулі әсер етті. Егер де 2009 жылы майлы дақылдар егістері 1,2 млн гектар болса, 2019 жылы 2,9 млн гектарға жетті», - деді министр «KazOil – 2019» III Халықаралық конференциясында.


Осы орайда ол бүгінде елімізде өндірілген майлы дақылдар өнімі сұранысқа ие әрі сапасы жоғары екенін атап өтті.

«Тұрақты сұраныстың арқасында майлы дақылдар экспорты жыл сайын артып келеді. Қазіргі кезде өнімнің 40 пайызын шикізат күйінде экспорттаудамыз. Шикізат экспорты 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 21,6 пайызға өсті, 2016 жылға қарағанда 73,4 пайызға көтеріліп, 1 млн тоннаны құрады. Біз шикізатты көбірек экспорттай аламыз, алайда дайын өнім экспортын арттыру мақсатын қойып отырмыз», - деді С. Омаров.


Оның сөзіне қарағанда, елімізде майлы дақылдарды өңдейтін 52 кәсіпорын бар және олардың жылдық қуаты 2 млн тонна. Биылғы 9 айда тазартылған және тазартылмаған майды өндіру көлемі былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 32,4 пайызға артып, 343,5 мың тоннаны құрады.

Сонымен бірге, еліміздің ішкі тұтынуында өсімдік майы импортының үлесі 40 пайызға жуық көрсеткішті құрап отыр. Республикаға негізінен Ресейден күнбағыс майы, сондай-ақ пальма майы Малайзия мен Ресейден жеткізіледі.

Тілшілердің сауалына жауап беру кезінде С. Омаров елімізде майлы дақылдардың 100 пайызын өңдеудің мерзімін атады.

«Алдағы 2-3 жылда майлы дақылдар бойынша 100 пайыз қайта өңдеу деңгейіне шығып, тек өңделген өнімді сатамыз деп жоспарлап отырмыз», - деді ведомство басшысы.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауыл шаруашылығы, ҚР АШМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT